Түркістан облысында мақта зауыттары 451 шаруа қожалығына 916 млн теңге қарыз болған. Прокуратура араласуынан кейін бұл берешек өндірілді. Ведомство хабарлауынша, облыс прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы орган, шаруа қожалықтары және зауыт өкілдерінің қатысуымен мекемеаралық жиналыс өткізілген. Оның қорытындысы бойынша шаруаларға талап арыз дайындау, сотқа беру, ескерту хаттарын жолдауға құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ тараптар арасында келісу рәсімдерін […]