Бүгін Түркістан қаласында қасиетті Рамазан құрметіне ел Президентінің ауызашары өтті. Игі шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, облыс тұрғындары, ақсақалдар алқасы, еңбек ардагерлері мен имамдар қатысты. Облыс басшысы жиналған қауымды Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, изгі ниетін жеткізді. – Қасиетті айдың берекелі күнін өздеріңізбен қарсы алып отырғаныма қуаныштымын. Шақыртуды қабыл алып, ауызашарға келгендеріңіз үшін алғысымды айтамын. […]