Түркістанда Рухани келісім күніне орай облыстағы діни конфессия басшыларының қатысуымен кездесу өтті. Жиынға Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы жетекшілік жасап, аумақтағы барлық дін өкілдерін мерекесімен құттықтады. Кездесуде ел бірлігін сақтау, дінаралық татулықты нығайту мәселесі талқыланды. Түркістан облысында 750-ден астам мешіт бар. Олардың барлығында имамдар әр жұма сайын жамағатпен кездесіп, елдің ауызбіршілігі, татулығы […]