Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар саны азайып келеді. Ол үшін арнайы психологиялық тренингтер өркізіліп жатқан көрінеді. Бұл жайында өңірлік білім саласынының мамандары ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді. Одан бөлек жиын барысында жол көлік оқиғалары жайында да сөз қозғалды. Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған қылмыстар саны 5,6 пайызға төмендеді. Бұл туралы мамандар құқық бұзушылық профилактикасы […]