Түркістанда «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің шымылдығын ашқан Сайрам ауданы мәдениет күндерінің екінші күні өтіп жатыр. Мұнда алдымен жасөспірімдер спорт түрлерінен, содан соң ақ жаулықты әжелер ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналады. Ұлттық тағам түрлерін таныстырып, ауызашар берілді. Дәстүрге сай жарамазан айтылып, ән-жырдан шашу шашты. Кешті әрмен қарай ұлттық ойындар жалғады. Ұлттық киімдегі жастар […]