Өзбек эстрадасының жарық жұлдызы Шохруххон Түркістанда шығармашылық кешін берді. Бұл - әншінің рухани шаһардағы алғашқы концерті. Тек түркістандықтар ғана емес, Атырау, Шымкент, Тараздан аранайы келген жанкүйерлер де бар екен. Шохруххон - өзбек эстрадасында шоқтығы биік әншілердің бірі. Ұйымдастырушылар әрбір әні хитке айналған әртісті көпшіліктің сұранысына қарай шақырдық дейді. Шохруххонның әнін тыңдауға 3000-ға жуық көрермен жиналды. Оның ішінде алыс-жақын қалалардан келген жанкүйерлер де бар. Ол әншілікпен қатар, актерлікті де қатар алып жүр. Өз елінде «өзбектің Рамеосы» ретінде танымал. Түркістанға жиі келіп тұратын әнші киелі мекен туралы пікірін білдірді. Әншіні жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды. Айта кетейік, осыдан 2 апта бұрын Өзбекстанның примоданнасы Юлдуз Усманова да дәл осы сахнада шығармашылық кешін өткізген еді. Алдағы уақытта осындай бағыттағы кештер жалғасын табады дейді ұйымдастырушылар.