Түркістанда рухани-мәдени нысандардың қатары артады

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлыжан Букебаев 9 айдың есептік қорытындысында айтты. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында түркі халықтарына ортақ сәулет нысанын салу туралы айтқан болатын. Аталған жобаны іске асыру мақсатында биыл 26 қыркүйек күні «Түркі әлемі орталығы» нысанының концепциялық тұжырымдамасына республикалық байқау өткізілді. Алдағы уақытта түбі бір түркітілдес мемлекеттердің басын қосатын ортақ нысан жаңа технологиялармен қамтылып, талапқа сай салынады. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ғимараттың салынатын орны қайта қарастырылуда. Сондай-ақ, екінші кезеңде сәулетшілер арасында кездесулер ұйымдастырылып, тағы да пысықталады, - деді Нұрлыжан Маратбекұлы. Спикердің сөзінше, өңірде тағы да жаңа нысандар ашылмақ. Рухани астанада достық үйі, қолөнершілер саябағы салынып, аудандарда оқушылар сарайы бой көтермек. Ал Ескі Сауран қалашығының маңайын кешенге айналдыру жоспарлануда. Жібек жолының бойынан туристерге арналған жаңаша стильдегі қоржын үйлердің құрылысы басталады. Түркістан қаласында оқушылар сарайының жанында, бульвардың бойынан «Достық үйін» салу үшін нысанның эскиздік жобасы әзірленіп, бекітілу үстінде. Жоба бойынша ғимарат төрт қабаттан тұрады және құрамында мәжіліс залы, этнос өкілдерінің орталықтары орналасады. Жоба бекітілгеннен кейін нысанның құрылысы басталады. Сондай-ақ, облысқа қарасты аудан, қала орталықтарында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында оқушылар сарайының жобасы бойынша бірнеше ұсыныстар дайындалып, өңір басшысының қадағалауымен талқыланып жатыр. Ұсыныстар бекітілген жағдайда құрылысы жүргізіледі. Нысан құрамында спорт, ұлттық өнер, музыка және т.б. үйірмелер ашылады. Айта кетейік, «Түркі әлемі орталығы» нысанының концептуалдық сәулетшілер байқауының 2-ші кезеңі халықаралық деңгейде өтпек.  

Читать источник turkistan.tv
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды