Ауа райы қолайсыздығына қарамастан, Түркістанда сакура ағаштары ал қызыл түске боялды. Бірақ ағаш былтырғы жылға қарағанда кеш гүл ашқан. Мамандар оны күннің салқын болуымен байланыстырады. Онымен қоса сакура басқа ағаштарға қарағанда, ерекше күтімді қажет етеді екен. Түркістандағы бұл ботаникалық бақтың аумағы 7 гектар. мұнда 1000-ға жуық ағаш түрі өседі. Бірақ олардың ішіндегі ерекшесі, бүгінде ең актуалды болып тұрғаны осы сакура. Дәл осы мезгілде оның жұпарын құшарлана иіскеп, көркемдікке көз тойдыруға болады.Оның гүлдегенін көріп үлгеру үлкен бақыт. Өйткені ол 10 күнге дейін ғана гүл ашады. Негізінен сакура ағаштарының гүлдеуі наурыз айының басынан, мамыр айына дейін жалғасады. Биыл күннің жылынуы кеш болғандықтан, гүлдеу кезеңі сәуір айында басталды. Осыдан 2 бұрын облыс орталығына 5 трлі сакура ағашының 300 түбі арнайы германиядан әкелініп, отырғызылған. Оның 200-ге жуығы дәл осы Қ.А.Ясауи кесенесінің маңайында. ӘБДІРАХМАН БАБАЕВ - "ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН" :Ал, күн шығыс елінде қасиетті саналатын сакура ағашы биыл Жапонияда мерзімінен 10 күн ерте бүр жарған. Мамандар сакураның ерте гүлдеуі - 70 жыл болмаған жағдай екенін айтады. Сонымен қоса Жапондықтар шие ағашының гүлдеуін таамашалау үшін ресми түрде сабақ пен жұмыстан босатылады екен.