Түркістанда сайлау учаскелері тексерілді

Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Қазіргі таңда сайлауға 10101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Ел бойынша сайлауға барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11950 485 азамат енгізілді. 4 қарашадан бастап ел тұрғындарына өздерін тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Учаскелік комиссиялар өз өкілеттіктері бойынша тізімдердегі қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды, оларға тиісті өзгерістер енгізу мәселелерін шешеді. Осыған байланысты Түркістан қаласы көлемінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері кезектен тыс президент сайлауында 5 сайлау учаскесінде мекен-жайлары бойынша мәселе туындаған азаматтардың тіркеу алгоритмі негізінде қызмет көрсетпек. Онда сайлаушылар корпорацияның мамандарынан мәселелері бойынша төменде көрсетілген қызметтерді ала алады. Атап өтетін болсақ, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша мәселе туындаған жағдайда немесе осы бағыттағы сұрақтарға, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша азамат тіркелмеген жағдайда, азаматтың республика шегінде тұрақты тіркеуі болмаған жағдайда ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде тұрақты тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлері арқылы жүзеге асырады. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді мына мекен-жайлар бойынша алуға болады. 1. С.Қожанов көшесі, №42 Медицина колледжі; 2. Н. Төреқұлов № 1А, №3 Әмір Темір атындағы ЖОМ; 3. Сандыбаев көшесі, №65 №18 Ж.Еділбаев атындағы ЖОМ; 4. Шойынбет би көшесі, №9 №23 Ж.Тәшенов атындағы ЖОМ; 5. Сығанақ көшесі, №2А №27 Ө.Жәнібеков атындағы ЖОМ; Бүгін мамандар осы сайлау учаскелерінде болып, тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілгендігіне көз жеткізді. Сайлау науқанында аталмыш мәселелерге тап болсаңыз, осы мекен-жайда орналасқан корпорацияның мамандарының көмегіне жүгіне аласыз.

Читать источник turkistan.tv
Қазақстан біріншілігі финалына шыққан барлық боксшы анықталды
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды