Түркістанда арақ-шарап ішуге не оны сатуға тыйым салынса, қаланың абырой-беделіне сай болушы еді. Мәжілісте түркі дүниесінің төркіні Түркістанды ішімдіксіз қала етсек деген ұсыныс айтылды. Депутат Ардақ Назаров қозғаған мәселеге Түркістан облысының әкімдігі орынды деп пікір білдірді. Және алдағы уақытта шаһарға қатысты қабылданып жатқан заң жобасына байланысты бұл ұсынысты да заң аясында қарастырған жөн деді өңір […]