Солтүстікте жұмыс көп! Бүгін жұмыс күші азайған 4 өңірдің өкілдері Түркістанға келді. Мамандар екі қолға бір күрек іздеп жүргендерге 4 мыңға жуық бос жұмыс орынын ұсынып отыр. Теріскейде қай саланың мамандары тапшы? Қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі? Тілші тарқатсын. Жәрмеңкеге келгендердің бірі Саида Әмитова. 4 баланың анасы Теріскейге қоныс аударуға ниетті. Ең бастысы жалақысы жақсы жұмыс табылса болғаны,-дейді. Қосымша егін егіп көруге де құлшыныс білдіріп отыр. 35 жыл бойы оңтүстікте өмір сүрсе де, солтүстікке тез сіңісіп кететініне сенімді. Солтүстік өңірлерге «Қоныс аудару» жәрмеңкесі елімізде 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. биыл оған Республика бойынша 6727 квота бөліп, қоныс аударуға болатын 8 облыс белгіленген. Олар: солтүстік қазақстан, шығыс қазақстан, Абай,Ақмола,Қарағанды Қостанай,Павлодар, Ұлытау облыстары.