Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Украинаның «UBC Group» компаниясының басшысы Игорь Гуменныймен кездесіп, келіссөз жүргізді. Аталған инвестор Түркістан облысында сусындарды салқындататын тоңазытқыштар мен тоңазытқыш сөрелерін, мұздатқыштар шығаратын зауыт ашуға ниетті. Өңір басшысы инвесторға Түркістан өңірінің инвестициялық әлеуетін таныстырып, жұмыс істеуге шақырды. Жобаны жан-жақты талқылап, қолдау көрсетілетінін жеткізді. – Түркістанға қош келдіңіздер! Түркістан Қазақ елі үшін, […]