Түркістанда туристік маусымның ашылу салтанаты өтті. Шара барысында келешекте ашылатын жаңа нысандар таныстырылды. Сонымен қатар ұлттық және интеллектуалдық ойындар ойнатылып, концерттік мереке ұйымдастырылды. «Керуен сарай» кешенінде туристік маусымның ашылу салтанаты өтті. Өіңрде 1200-ден аса мәдени-тарихи орын бар. Тарихи ескерткіштерді дәріптейтін шарада қазақтың ұлттық ойындары ойналып, жалпыхалықтық серуендер ұйымдастырылды. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толады. […]