Түркістанда жаңа заман талаптарына сай жабдықталып, 100 пайыз цифрлық жүйеге қосылған медициналық жедел жәрдем орталығы салынды. «Қазақстандық-Француздық «КАТКО» бірлескен кәсіпорны» ЖШС демеушілігімен бой көтерген медициналық станция 25 бригадаға арналған. Инвестиция көлемі — 1,4 млрд теңге. Еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бүгін орталықтың жұмысымен танысты. Заманауи үлгіде жасақталған орталықта жедел […]