Түркістанда автобус апатынан кейін ауруханаға түскен науқастардың жағдайы белгілі болды. Көлік оқиғасынан кейін медицина мекемесіне 16 адам түскен. Қалалық орталық аурухананың бас дәрігер орынбасары Сапарәлі Әбдиевтің айтуынша, науқастардың 6-уы жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Оның ішінде автобус және жеңіл көлік жүргізушілері де бар. «Хундай Акцент» көлігін тізгіндеген жүргізушінің жағдайы ауыр. «Жол апатынан соң ауруханаға 16 науқас […]