Парламент Мәжілісінің депутаттары Ринат Заитов пен Мақсат Толықбай Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Бас прокурор Берік Асыловтың атына ашық үндеу жолдады. Халық қалаулылары өз сөздерінде Түркістан облысындағы жергілікті органдардың күмәнді әрекеттерін тізіп шыққан. Үндеудің видео нұқсасын депутаттар желі парақшаларында жариялады. Мәжілісмендердің айтуынша, көпшілік арыз түсірген соң олар мән-жайды өз көздерімен көру үшін Түркістан қаласына арнайы келіп […]