Түркістан телеарнасындағы "Үлгілі аула" байқауының жеңімпазы шипажайда демалады. Айналасын мұнтаздай таза ұстап, ауласы мен көшесін абаттандырған тұрғындар біздің жобаға қатыса алады. Үйінің сыртқы келбетін әрлеп, бау-бақша баптаған азаматтар жарыстан тыс қалмайды. Қатысушылар әлеуметтік желілерде жарияланған видеолардан көп қаралым мен пікір жинауы шарт. Байқау жеңімпаздарына Сарыағаш шипажайына жолдама беріледі. Жобаның бүгінгі кейіпкері өсіп тұрған ағаштардан өнер туындысын жасаған шебер әрі бағбан.