Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ботаникалық бағында қызғалдақ пен гүлдердің 15 түрі жайқалып өсіп тұр. Ғалымдар осы бастама арқылы қызғалдақты жан-жақты зерттеп, сұрыптарын жерсіндіруді жоспарлауда. Өйткені, ғылыми ортада қызғалдақ пен алманың тарихи Отаны – Қазақстан деген пікір бар. Амангелді Апушев, Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор: “Қызғалдақты брендіміз деп айтқанымызбен, оның көбейту, […]