Түркістандық жастар еңбек адамдарына ыстық тамақ таратты

Қала көшелерінде сыпырғы ұстап, қоқыс жинаушылардың дені орта жастан асқан кісілер. Бірақ көпшілігіміз қала тазалығына жауапты жандардың жұмысы қандай ауыр екеніне мән бере бермейміз. Шындығында олар ауа райының қолайсыздығына қарамастан, таңның атысы күннің батысы жұмыс істейді. Бүгін Түркістандық жастар осындай еңбек адамдарына ыстық тамақ таратып, «Жастардан жылулық» акциясын ұйыдастырды. Бүгін 100-ден астам аула сыпырушыларға ыстық тамақ таратылды. Игі істі облыстық жастар орталығының еріктілері мен қазақстан студенттер альянсының  белсенді жастары қолға алған.  Жалынды жастар бұл шараны нағыз еңбек адамдарының жұмысына алғыс ретінде ұйымдастырыпты. Сонымен қоса осы арқылы тұрғындарды қала тазалығын сақтауға шақырмақ. АСИНАМ ТҰРҒЫНБЕКОВА – ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТӨРАҒАСЫ - Бүгін біз жастар орталығымен бірлесе отырып бүгінгі таңды осы игі іспен бастауды жөн көрдік. Мақсатымыз еңбек адамының құндылығын арттыру, олардың жұмысының ауырлығын ескеріп, барлық жастарды тазалыққа шақыру.осы суық күнде оларға жылулық сыйлап ыстық асымыз бен шәйімізді ұсынғалы отырмыз. Бақыткүл Сәдуақасқызы 50 еңсерген ана. 4 жылдан бері қаланың тазалығымен айналысады. Қанша шаршасақта, бала-шағамыздың несібесі осы еңбекпен келіп жатыр,- дейді тазалық жанашыры. БАҚЫТКҮЛ СӘДУАҚАСҚЫЗЫ  - «ТҮРКІСТАН ЖАРЫҚ-ТАЗАЛЫҚ» ЖШС-НІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ - Енді оңай емес жұмыс. Таңғы 7-ден кешкі 7-ге дейін. Қазір таңғы салқын бар. бірақ енді осы жұмыспен ақша тауып отырмыз ғой. Осы шараны ұйымдастырып жатқан жастарға рақмет айтам. Қала тұрғындарын тазалық сақтауға шақырамын. Қала бәрімізге ортақ қой. Рақмет. Енді мейірімді жастар бұл акцияны жыл сайын өткізуді жоспарлауда. Тіпті, алдағы уақытта қала кәсіпкерлері де игі шараға қолдау көрсетуге дайынбыз деп отыр.  

Читать источник turkistan.tv
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды