Түркістан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов және «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Ербол Өстеміров келді. Өңірлік кеңес төрағаларының, облыстық прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, МКД, кәсіпкерлік басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткен бизнес-омбудсменмен кездесуде облыс кәсіпкерлері өздерінің өзекті мәселелерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Сарыағаш-құс» ЖШС директорының орынбасары Ә.Талман санитарлық-қорғау аймағын белгілеу […]