Түркістан облысында Мақтаарал мен Жетісай аудандарының мақташылары күзде өткізген өнімдерінің ақшасын әлі күнге дейін ала алмай жүр. Салдарынан қаржыдан қысылған шаруалар көктемгі егісті мерзімінде бастай алмайтын түрі бар. Ал, зауыт қожайындары трейдерлік компаниялардың әлі келмегенін алға тартып отыр. Дәл көктемгі дала жұмыстары басталар шақта жетісайлық шаруалар тығырыққа тірелді. Ала жаздай тынымсыз еңбек еткен олар ақыры […]