Түркістанда жол ережесін сақтамайтын жүргізушілерге қатысты рейдтер өтіп жатыр. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте қала жолдарында үш мас жүргізуші анықталды, олар көлік жүргізуден шеттетіліп, медициналық тексерістен өтуге жіберілген. Көліктері айыптұрағына жөнелтіліп, істері сотқа жолданды. Рухани шағын қала, ағылған көлік, Түнгі Түркістан. Республикалық Қауіпсіз жол профилкатикалық іс шарасы қарқынды жүргізілуде. Түнгі рейдті бастай бере қаланың қақ ортасында жарық шамын жақпаған, терезе сынық неміс көлігі сақшылардың нысанына ілінді. Ол жарықшамын жақпаған екен. Арадан 10 минут өтісімен бұрылу белгісін жақпаған Нексия көлігінің иесі тоқтатылды. Заң ортақ, сондықтан полицейлер жеңіл көлікке әкімшілік хаттама толтырды. Естеріңізге сала кетейік қазіргі сәтте Республикалық Қауіпсіз жол профилкатикалық іс шарасы өтуде. Мақсаты- жүгенсіз жүргізушілер мен жол ережесін орасан бұзғандарды тезге салу. Еске сала кетейік рейдтік шара алдағы уақытта да жалғасын табады.