Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарында жергілікті халықпен кездесті. Сол жүздесуде Президент Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру мәселесін көтерді. Осыған орай облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы зерделеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмысшы тобы құрылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев жетекшілік етеді. Бүгін аталған жұмысшы […]