Түркістан облысының басшысы аймақ экономикасын дамыту мақсатында Венгрия елшісімен кездесті. Шаһар қонағына рухани астананың әлеуетін таныстырып, мол мүмкіншілігі жайында ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар екі ел арасында ынтымақтастықты нығайтып, күнгей өңірге инвесторлар тарту мәселесі сөз болды. Түркістан облысының әкімі Венгрия мемлекетінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісін қабылдады. Кездесу барысында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар барысы сөз болды. […]