(Фото: ТО ПД баспасөз қызметі/коллаж Otyrar.kz) Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында балабақша қызметкері бастауыш сыныпта оқитын 15 оқушыны зорлады деген ақпаратқа түсінік берді. Полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің мәлімдеуінше, Шәуілдір ауылында ер адам тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар саны 15-ке жеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда ведомствоға 3 азамат арызданған. […]