Түркістан облысында түрмеге есіркі кіргізу үшін күзетшіге пара бергендерге қатысты сот үкімі шықты. Дерек бойынша, облыстың түзеу мекемелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан екі сотталушы өзінің жазасын өтеп болған сыбайласының көмегімен мекеменің инспекторына 30 мың теңге пара беру арқылы 101,18 г кептірілген марихуананы кіргізген. Ұйымдасқан қылмыстық топтың кінәсі заттай дәлелдемелермен, куәгерлердің айғағымен және сараптама қорытындысымен дәлелденген. […]