Гвардияшылар мен ҚАЖД қызметкерлері есірткі лақтырмақ болған ер адамды ұстады. Ол мекеме айналасында күдік тудырған. Бейнебақылау камералары арқылы оның әрекеттері байқалып, Ұлттық ұлан сарбаздарына хабар берілді. Ер адам сол мезетте—ақ қолға түсті. Тергеу барысында оның есірткі заттарын ҚАЖ маңындағы жеке үй аумағына жасырып үлгергені анықталды. Ұсталған азамат құқық қорғау органдарына тапсырылды. Мұхамедали Шалхарбай