Елде тұтынушылық кредит бизнестің қарыздарынан да көбейіп барады. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы осы айда тұтынушылық несиенің көлемі 12 трлн теңгеден асқанын хабарлады. Банктерге жалпы қарыз 23 трлн. теңгеден асса, соның 10 трлн. теңгесі бизнес иелерінің қарызы. Жыл басында керісінше, кәсіпкерлікке алынған кредит тұтынушылық берешектен көп еді. Бизнес иелерінің арасында шағын кәсіппен айналысатындар банктерден көбірек қарыз алған.