Еліміздің әр түкпірінен жиналған хирургтар Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасында бірнеше күрделі ота жасады. Бірігей операциялар ауыр дертпен туылған балаларға жасалған. Олардың арасында туылғанына екі күн болған сәби де бар. Операция үстеліндегі бұл нәресте екі күн бұрын дүние есігін ашқан. Тумасынан ауыр дертке шалдыққан сәбиді дәрігерлер перзентхадан бірден балалар ауруханасына ауыстырып, күрделі ота жасады. Себебі […]