Туысының бағалы тонын ұрлаған әйел ұсталды. Түлкібас аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, үйінде тұрған 750 мың теңгелік сырт киімін әлдебіреу қолды еткен. Аталған оқиға ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Полиция қызметкерлері іздестіру нәтижесінде, күдікті жәбірленушінің туыс келіні екенін анықтады. Белгілі болғандай, әйел ақша қажет болғандықтан ішікті ломбардқа өткізген. Алған ақшаны […]