Сайрамдық тұрғын әлеуметтік желіде радикалды уағызшылардың бейнероликтерін таратты деген күдікке ілінді. Мамандар ол таратқан материалдар терроризм идеологиясын насихаттайтынын анықтаған. Сондықтан күдіктінің үйіне тінту жұмыстары жүргізілді. Онда діни бағыттағы 300-ге тарта кітапты, ноутбук және басқа да заттар тәркіленді. «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының және ҰҚКД қызметкерлері экстремистік сипаттағы материалдарды таратқан […]