Елдегі және сайлау учаскелеріндегі жағдай тұрақты. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді. Оның сөзінше саяси науқанға байланысты ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамы қызмет күшейтілген тәртіппен жұмыс істеуде. Еліміз бойынша жалпы саны 45 мыңға жуық ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмылдырылған. Сондай-ақ, дәл қазіргі сәтте ешбір заң бұзу фактісі тіркелмеген.