Әйел тексеру қызметін тоқтатуға уәде беріп, 12 миллион теңге пара алуға итермелеген. ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше азаматша соманың жартысын алу кезінде ұсталған. «Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – делінген ресми хабарламада.