Қазақстан үкіметі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қолдауға басымдық береді. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиынға қатысушылар ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, импортты алмастыратын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу шараларын, сондай-ақ жеңілдікпен несие беру, субсидиялау, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және басқа да бірқатар мәселені талқылады. «Алдағы жылдары ет, бидай, сүт […]