Бүгін үкіметтің кезекті отырысында елдімекендерді көркейту мәселесі қаралды. Үкімет басшысы әкімдіктер тек қала орталығымен шектеліп қана қоймай, қаланың шет жақтарына да көңіл бөлу қажеттігін ескертті. Премьердің айтуынша, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартумен қатар, туристік саланы дамытуға да ерекше серпін береді. «Десе де азаматтардан тротуарлар мен жарықтың жоқтығына, жасыл желектің аздығына жиі […]