Петропавл қаласындағы №4 мектепте орын алған оқыс оқиға үкімет отырысында қаралды. Онда оқу ордаларының бірінде 9 сынып оқушысы балтамен оқушыларға шабуыл жасаған болатын. Осыны ескерген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мектептерде қауіпсіздікті арттыру шараларын пысықтауды тапсырды. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың хабарлауынша, 13 ақпанда таңертең Петропавл қаласының полиция басқармасына №4 орта мектептің оқушыларына дене […]