Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысының кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынатынын мәлімдеді. «Мен премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте, саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл «күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» тұжырымдамасына сай келеді», – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында. […]