Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Qarmet компаниясының (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау») ағымдағы жұмысы мен кәсіпорынды одан әрі дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және жаңа инвестордың қатысуымен кәсіпорынның операциялық процестерін тұрақтандыру, оны қажетті шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ бірқатар құқықтық рәсімдерді жүргізу шаралары талқыланды. «Одан бөлек, комбинат жабдықтарын жаңғыртуды, заманауи өндіріс технологияларын енгізуді және […]