Маңғыстау және Атырау облыстарында мал азығын әзірлеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Мұндағы шөп ору науқанын Үкімет отырысында сынға алған Премьер-министр күзгі жиын-терін жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Өйткені, былтырғыдай тапшылыққа жол бермеу маңызды. Үкімет отырысында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндама жасады. Үкімет басшысы ірі […]