Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елдегі жұмыс күші тапшы салаларды атады: «Алдымызда биыл 1 миллионға жуық адамды жұмысқа орналастыру міндеті тұр. Қазіргі таңда 734 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың жартысы – жастар. Қалған 2,5 айда жоспарлы көрсеткіштердің бәрі орындалуы тиіс. Әр өңірдің өзінің жұмысқа орналастыру жоспары бар. Онда әрбір өңірдегі еңбек нарығының ерекшеліктері ескерілген». Айтуынша, […]