Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің Еңбекші ауданы тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Онда атқарылған жұмыстар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары баяндалды. Аудан аумағындағы 29 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігіне бүгінде инженерлік жүйелер тартылған. Жергілікті халықтың 94,5%-ы ауыз сумен, 98,3%-ы электр жарығымен, 90,7%-ы табиғи газбен қамтылған. Аудандағы өзекті мәселенің бірі – кәріз жүйесі де […]