Қазақстанның алдында тұрған қазіргі ең басты міндет – толыққанды ұлттық-демократиялық мемлекетке айналып, тек қана заң үстемдік ететін әділетті қоғам орнату. Бірақ, бұл бір ғана билік немесе мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаруа емес, мұндай елдік мақсатқа қол жеткізу үшін бүкіл қоғам күш біріктіріп, тізе қосып әрекет етуі керек. Бір сөзбен айтқанда, бізге ұлттық бірлік керек. […]