Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Ұлттық банктің ақпаратынша, кейбір елдерде инфляцияның баяулауына қарамастан жаһандық инфляция қысымы әлі де жоғары болып тұр. «Қазақстанда жылдық және айлық инфляция, біз күткендей, наурыз айында төмендеді. Инфляциялық процестердің баяулай бастағанына қарамастан, инфляцияның орнықты және тұрақты төмендеу тренді […]