Жылдық инфляция қазір 11,8%-ті құрайды. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасады. «Жылдық инфляция жеті ай қатарынан төмендеп келеді. Оның бүгінгі деңгейі – 11,8%. Жылдық инфляция қатаң ақша-кредит саясаты жағдайы мен 2022 жылғы жоғары базаның аяқталуы, жаһандық инфляциялық қысым мен өндіріс шығындарының төмендеуі аясында баяулады», – деді Шолпанқұлов. Ол инфляция құрылымында […]