Әлемдік практикада қолдан ақша жасауға жол бермес үшін әр 7-8 жыл сайын банкноталардың дизайны өзгеріп, жаңа түрі шығады. Оларға жаңадан қорғаныш элементтері енгізіліп, банкнота дайындауда жаңа технологиялар қолданылады. Ұлттық Банк банкноталардың жаңа сериясын кезең-кезеңімен шығарып отырады. Жаңа банкнота сериясы «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және Қазақстанның мұрасын бейнелейді. Дегенмен, қолдан ақша жасап шығарып жатқандар да жоқ […]