Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы капитаны сотталды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша күдікті болған Шымкенттік азаматқа «қамауда ұстау» санкциясын «үй қамағына алу» санкциясына ауыстыруға, ал кейін тіпті істі толығымен «жабуға» көмектесуге уәде берген. Самиддин Темірәлиев, Шымкент мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы: «Масатпаевтың өзі қызығушылық танытып, куәгермен байланысқан. Ұлымен танысып, көмектесуге уәде берген. Мұның […]