Бүгін Түркістан облысының әкімдігі «Ұлттық киім кию» челленджін бастаған болатын. Бастамаға облыс басшысы Дархан Сатыбалды қолдау көрсетіп, жұмыс орнына ұлттық киіммен келді. Сондай-ақ, шараға облыстық әкімдік қызметкерлері мен облыстық басқармалар да үлес қосты. Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетовтың айтуынша, бұл үрдістің мәні зор. «Челлендждің ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, ұлттық болмысымызды айшықтауда маңызы айрықша. […]