2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы басталған болатын. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық қорынан алғашқы қаражат есептеліп, барлық балаларға алғашқы қаржы аударылды. Жалпы еліміз бойынша бағдарламаға 6 919 131 бала қатысушы ретінде тіркелген. Олардың барлығына бірдей 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшеріндегі сома аударылды. […]