Ұланғайыр даласы бар, Алтайдан қарт Каспийді қамтыған қазақ мемлекеттігін сақтап қалуда, дала демократиясын қалыптастыруда Ұлттық құрылтайдың орны ерен болып келді. Бүгінгідей алмағайып уақытта мемлекетіміздің тұтастығын сақтауда өлшеусіз еңбек сіңірген Құрылтайдың күн тәртібінен түспейтіндігі аңғарылып қалды. Өткен жылдың 16 маусымында Ұлытау облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы өтті. «Ұлысымның ұйытқысы — Оңтүстік» […]