Елдігімізді нығайтатын ұлттық мереке – Республика күні Анадолы елінде де тойланды. Түркиядағы елшілігіміз мейрамға орай Анкарада арнайы қабылдау өткізді. Мерекелік шараға бауырлас елдің билік өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары, дипломатиялық миссиялардың өкілдері, жергілікті қандастарымыз бен білім алып жүрген жастарымыз қатысты. Қазақ өнерпаздары домбыраны күмбірлетіп, қобызбен әуезді әуендер орындады. Патриоттық әндер де шырқалды. Келген меймандарға қазақ елшілігі ақ дастархан жайып, ұлттық тағамдарымыздан дәм татқызды. Түркиялық бауырларымыз Қазақ елін мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.